
09:38, 14 апреля 2023 г.
Түркістан облысында браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіленді

фото: polisia.kz
Келес ауданы аумағында заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы мен аудан полицейлері бірлесіп, рейдік-профилактикалық іс-шара өткізді. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер Сырдария өзенінің маңында балық аулауға арналған қытай торлармен заңсыз балық аулап отырған үш ер адамды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Браконьерлерден айғақты зат ретінде үш қытай торы, бір мотор және 150-ге жуық балық тәркіленіп алынды. Балықтың салмағы 127 келі болатын сазан екені расталды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:20
Вчера
15:16
7 ноября
14:00
7 ноября
12:50
7 ноября
11:27
7 ноября
10:31
7 ноября
Объявления
18:22, 28 октября
5
12:07, 2 ноября
18:22, 28 октября