• Главная
  • Шымкентте полицейлер жоғалған 3 жасар бүлдіршінді ата-анасымен қауыштырды
12:58, 13 апреля 2023 г.

Шымкентте полицейлер жоғалған 3 жасар бүлдіршінді ата-анасымен қауыштырды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкентте ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған 3 жасар бүлдіршінді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының “102” арнасына қала тұрғыны күндізгі уақытта баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері бірден іздестіру шараларын ұйымдастырып, сол аумақтағы ойын алаңдары мен көшелерді аралады.

Полиция қызметкерлерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде бүлдіршін 20 минут ішінде сол маңдағы көшелердің бірінен табылды.

Табылған бүлдіршіннің анасы ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Н.Себаев пен А.Муратовқа кішкентай ұлын тауып бергені үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Осы орайда тәртіп сақшылары тұрғындардан балаларды қараусыз, назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...