• Главная
  • Түркістан облысының екі тұрғынынан трамадолдың 100-ден астам таблеткасы тәркіленді
12:14, 13 апреля 2023 г.

Түркістан облысының екі тұрғынынан трамадолдың 100-ден астам таблеткасы тәркіленді

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу аясында Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, трамадол дәрілік препаратын сақтаудың екі жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның сырт киімінің қалтасынан әсері күшті 100 таблетка трамадол тәркіледі. Осыдан кейін бір тәулік өткенде тәртіп сақшылары басқа ауыл тұрғынынан психотроптық препаратты сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Яғни, ауыл тұрғынының сырт киімінен трамадол дәрісіне ұқсас төрт таблетка тәркілеп алынды.

Полицейлер бұл жайттарды ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...