• Главная
  • Түркістанда интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды
11:00, 13 апреля 2023 г.

Түркістанда интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық қылмысы бойынша арыз түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол Instagram арқылы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техникаға тапсырыс берген. Яғни, телефон арқылы өзін сатушымын деп таныстырған бейтаныс біреуге 555 мың теңге аударып, соңында сан соғып қалған. Ақшаны алған “сатушы” хабар-ошарсыз кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Куәлардан жауап алынып, ақша аударылған есепшоттар тексерілді. Нәтижесінде күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны анықталды. Анықталғандай, ол жұмыссыз болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...