• Главная
  • Шымкенттің туристік полициясында 15 тәртіп сақшысы қызмет етеді
Видео
09:00, 13 апреля 2023 г.

Шымкенттің туристік полициясында 15 тәртіп сақшысы қызмет етеді

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкенттің туристік полициясында бірнеше тілді жетік меңгерген 15 тәртіп сақшысы қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент – миллионнан астам тұрғыны бар, еліміздегі ең ірі мегаполистердің бірі. Мұнда 20-ға жуық әртүрлі ұлт өкілдері қоныстанған. Шаһарға күніне мыңнан астам қонақ мен туристер келеді. Қала жолдарында күніне 500 мыңнан астам автокөлік жол жүрісіне қатысады. Сәйкесінше, полицейлер де азаматтарға жан-жақты қызмет көрсетеді.

Мәселен, 2018 жылдан бастап Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкі жанынан “Туристерге қызмет көрсету тобы” құрылды. Қазіргі таңда мұнда 15 полицей ауысыммен қызмет етеді. Олар, қазақ, орыс, ағылшын, түрік және тағы да басқа шет тілдерін жетік меңгерген.

Сондай-ақ тәртіп сақшыларына туристермен жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, мегаполистің аумақтық картасы, қаланың әсем жерлері мен қонақ үйлері, тамақтану орындары мен сауда үйлері көрсетілген ақпараттық жадынамалар бар. Бұдан бөлек, әр полицейге жеке бейнетіркегіш мен рация берілген. Ол – қызметкерлердің іс-әрекетін үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Туристік полиция – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін қалыптыстыруда, туристік тартымдылығын арттыруда, мемлекетімізге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...