• Главная
  • Түркістан облысының полицейлері ІІО ардагерін 70 жылдық мерейтойымен құттықтады
12:10, 6 апреля 2023 г.

Түркістан облысының полицейлері ІІО ардагерін 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облысы полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспан Жанқожаев Түлкібас ауданының полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев ардагерді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелері, қызметтес болған әріптестері, полиция қызметкерлері қатысты. Кезінде жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеуге көмек көрсеткені, сонымен қоса ардагерлер кеңесінде белсенді жұмыс істегені үшін зейнеркерді мерейтойымен шын жүректен туған күнімен құттықтап, сый сипаттар көрсетті. Сондай-ақ марапаттаудан бөлек, Сарыағаш қаласындағы ішкі істер органы ардагерлерінің демалыс орнына жолдама берді.

Шара барысында полиция қызметкерлері ардагерге сұрақтарын қойып, оның қызметтегі тәжірибесінен біраз мағлұмат алды. Сонымен қатар зейнеткер жас қызметкерлерге өзінің өмірлік ақыл-кеңесін айтты. Қызметте адал, абыройлы қызмет жасау керектігі жайлы кеңес беріп, ардагер әріптестеріне құттықтаулар мен сыйлықтар үшін жүрек жарды алғысын білдірді.

Түркістан облысының полициясы қызметте талай қиын да қауіпті кезеңдерден өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей бір әулеттің арқа сүйері болып отырған Таңатбаев Сауранбек ардагерге ұзақ ғұмыр, мол қуаныш тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...