
10:00, 6 апреля 2023 г.
Шымкентте “Мотокөлік” ЖПІШ аясында 80-нен аса құқық бұзушылық анықталды

фото: polisia.kz
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында “Мотокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның 3 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 83 дерегі анықталды.
Оның ішінде: техникалық байқаудан өтпеген – 3, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 10 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ тыныштықты бұзу бойынша – 33, маневр жасау қағидаларын бұзған – 2, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген – 1, жаяу жүргiншiлермен жол жүру қағидасын бұзған – 34 жүргізуші анықталды.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды. Сондай-ақ, Шымкентте “Мотокөлік” іс-шарасы 8 сәуірге дейін жалғасады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:07
6 сентября
12:20
5 сентября
18:09
4 сентября
12:17
4 сентября
10:51
4 сентября
11:40
3 сентября
ТОП новости
Объявления
16:38, 7 августа
12:45, 29 августа
5
12:45, 29 августа