10:31


фото: polisia.kz
Отырар АПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары учаскелік полицейлермен бірлесіп, аудан аумағында су арналарының бірінде заңсыз балық аулау жайтын анықтады. Рейд кезінде тәртіп сақшылары жарықсыз қозғалатын ВАЗ көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер браконьердің көлігінен резеңке қайық, балық аулау құралдары мен заңсыз ауланған 10 балықты тапты.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын ток беретін құрылғы көмегімен су арнасында заңсыз балық аулаған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.