• Главная
  • Түркістан облысының полицейлері 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына шара қолданды
Видео
12:40, 3 апреля 2023 г.

Түркістан облысының полицейлері 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына шара қолданды

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 30-ға жуық жасөспірімнің ата-анасына шара қолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аудандық полиция бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері бірлесіп, жасөспірімдер көп баратын ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтарды аралады. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 28 жасөспірімнің ата-анасына хаттама жазылып, ескерту берілді. Саябақтарда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін бес жасөспірімнің заңды өкіліне айыппұл салынды.

Жалпы бұл бағыттағы шаралар ауданның әрбір ауылдық округтерінде өз жалғасын табады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...