• Главная
  • Шымкент полициясында консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті
10:29, 3 апреля 2023 г.

Шымкент полициясында консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкентте полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің кіші мәжіліс залында ҚР ішкі істер органының құрметті ардагері, консультативтік-кеңесші органның төрағасы, отставкідегі милиция генерал-майоры Ж.Сұлтановтың төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.

Жиынға департамент бастығы Қ. Дәлбеков, департамент бастығының орынбасары С. Абдуллаев, “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі Л. Доброта, “AMANAT” партиясының мүшесі Қ. Сұлтанғали, “Айғақ” қоғамдық телеарнасының директоры М.Серікбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі И.Хашимжанов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы У. Мылтықов, кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Е.Точилова және полиция департаменті басқармаларының басшылары мен жеке құрамы қатысты.

Аталған іс-шарада жеке құрам арасындағы қоғамдық құқықтық тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...