• Главная
  • Түркістан облысында шекарадан өтпек болған адамның жүк көлігінен гашиш табылды
Видео
13:00, 28 марта 2023 г.

Түркістан облысында шекарадан өтпек болған адамның жүк көлігінен гашиш табылды

Видео
фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері ғасыр дерті саналған нашақорлықты жою, есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағытта күні-түні қызметте жүретін тәртіп сақшылары есірткіні сату, сақтау, өткізу, тасымалдау сынды қылмыс түрлерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне “Қазығұрт” шекара бақылап-өткізу бекеті қызметкерлерінен Понита атты иттің шекарадан өтпекші болған ер адамның көлігіне белгі бергені хабарланады. Ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан полицейлер заңмен тыйым салынған затты анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Өзбекстаннан Қазақстанға Volvo жүк көлігімен өтпекші болған шетелдіктің көлігін тексеру барысында күмәнді зат табылды. Яғни, ер адамның көлікте тұрған күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы алынған есірткінің гашиш екенін растады.

Аталған жайтты сарыағаштық полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеді. Күдікті өзбекстандық бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...