
12:00, 28 марта 2023 г.
Түркістан облысының полицейлері “Kyzdar.Net” сайтынан жеңіл жүрісті қыздарды анықтады

фото: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері адам саудасы, жыныстық әрі еңбек қанауына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд барысында Түркістан қаласы аумағында 8 жеңіл жүрісті қызды анықтады. “Kyzdar.Net” сайтына тіркелген бұл қыздар Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.
Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жеңіл жүрісті қыздарды полиция пунктіне жеткізіп, профилактикалық есепке қойды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) мен ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:46, 6 мая
14:45, 6 мая
23:36, 9 мая
12:19, Вчера
5
live comments feed...