• Главная
  • Түркістан полицейлері танысының телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады
10:28, 15 марта 2023 г.

Түркістан полицейлері танысының телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, телефонын ұрлатып алғаны туралы хабарлады. Яғни, жәбірленушінің айтуынша, оның телефонын қонақүйлердің бірінде танысы жымқырып, белгісіз бағытта жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға орнына келген полицейлер қылмысты ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді. Түркістандық тәртіп сақшылары атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше сағатта күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

Полиция басқармасына жеткізілген сезікті облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, әйел ұрланған телефонды сатып үлгерген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...