
12:10, 14 марта 2023 г.
Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады

фото: polisia.kz
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни “электронды казино” ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен.
Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілііп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:27
Вчера
10:50
15 сентября
10:19
14 сентября
12:29
12 сентября
14:08
11 сентября
12:15
11 сентября
10:29
11 сентября
Объявления
13:21, 9 сентября
12:14, 14 сентября
5
12:14, 14 сентября