• Главная
  • Түркістан полицейлері жылыту батареясын ұрлаған күдіктіні ұстады
11:24, 14 марта 2023 г.

Түркістан полицейлері жылыту батареясын ұрлаған күдіктіні ұстады

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, үйіне ұры түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның үйіне терезеден кіріп, жылыту батареясын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, полицейлер күдіктілерді іздеуге бірден кірісті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ патрульдік полицейлер күдіктілерді іздеуге бағытталды. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, куәлардан жауап алды.

Осылайша Түркістан қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ер адам барлық жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...