
10:41, 14 марта 2023 г.
Шымкентте алаяқ мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып беремін деп танысын алдап кеткен

фото: polisia.kz
Шымкентте кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беремін деген алаяқ танысынан алдын ала ақша алып, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы полиция басқармасына тұрғын жүгінген. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы Үкіметтен кәсіп ашу үшін қайтарымсыз қолдау қаржы – грант алып беремін деген желеумен алдын ала 100 мың теңгесін алып, он ай бойы уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай сандалтып жүргенін жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы – 44-те, жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған. Қазіргі кезде ұсталған әйел өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:15
27 сентября г.
20:20
26 сентября г.
10:21
25 сентября г.
10:27
24 сентября г.
09:21
23 сентября г.
11:48
22 сентября г.
10:30
22 сентября г.
20:01
21 сентября г.
ТОП новости
Объявления
13:21, 9 сентября г.
10:43, Вчера
5
10:43, Вчера