• Главная
  • Түркістандық полицейлер автокөліктен заңсыз сақталған қару тапты
16:11, 9 марта 2023 г.

Түркістандық полицейлер автокөліктен заңсыз сақталған қару тапты

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Саурандық тәртіп сақшылары Түркістан – Кентау тас жолы бойынан күмәнді шетелдік нөмірлі ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан қос ұңғылы, 16 калибрлі шолақ мылтық табылды. Тәркіленіп алынған қаруға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау деректерін анықтау, болдырмау бағытында жан-жақты жұмыстар атқарып жатыр. Осындай ауқымды жедел шаралар нәтижесінде, Сауран ауданының полицейлері жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тауып, қылмысқа тосқауыл қойды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...