• Главная
  • Шымкентте телефон тартып алған үш азамат ұсталды
14:55, 9 марта 2023 г.

Шымкентте телефон тартып алған үш азамат ұсталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қаладағы дәмханалардың бірінде тамақтанып отырғанында үш жас жігіттің әлімжеттікпен физикалық күш көрсетіп, Apple iPhone X телефонын өзінше билік ету арқылы тартып алып кеткендігін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрап отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті азаматтарды ұстау үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдады. Көрген-білгендерден жауаптар алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті жердің 22 жастағы және Түркістан облысының 23 жастағы екі тұрғыны анықталып, жеткізілді. Үшеуі де бұрын-соңды сотты болмаған, тұрақты жұмыстары жоқ.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтардың басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...