• Главная
  • Шымкентте жиһаз сатамын деген желеумен ақша иемденген алаяқ анықталды
14:11, 9 марта 2023 г.

Шымкентте жиһаз сатамын деген желеумен ақша иемденген алаяқ анықталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында, бөгде азамат ОLX қосымшасы арқылы жиһаз сатамын деп, алдын ала 110 мың теңгесін алып, әлі күнге тапсырысын не ақшасын қайтармай жүргенін жазып көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Күдіктінің жасы – 22-де, жұмыссыз екегдігі белгілі болды.

Тергеу кезінде белгілі болғанындай, күдікті ешқандай жиһаз шебері емес. Тек әлеуметтік желідегі онлайн-дүкендердің жарнамаларын пайдаланып, арнайы қосымшаға ғаламтордан дайын суреттерді жүктеп, оларды сатылымға қойып, өзін ағаштан дүниелер жасайтын адам ретінде таныстырып келген. Ұсталған азаматтың бұдан басқа да осы тектес екі жайтқа қатысы бары анықталды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...