13:23, 7 марта 2023 г.
Шымкенттік тұрғын үй аламын деп 7 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды
фото: polisia.kz
Мемлекеттен пәтер алып беремін деген желеумен тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін деп 6 млн 650 мың теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.
Сондай-ақ ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, істі болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:38, 15 апреля
5
live comments feed...