11:20

фото: polisia.kz
Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты жіті зерделей шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдік тудырған азаматтардан түсінік алды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар азаматтар қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-тің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.