11:20

фото: polisia.kz
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Криминалды полиция бөлімі қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Осылайша, тәртіп сақшылары күдікті азаматтың тұрғылықты мекенжайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын соңды істі болмаған.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп алынды.Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.