• Главная
  • Түркістан облысында нөмірінің орнына маркасын жазып алған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
09:40, 19 февраля 2023 г.

Түркістан облысында нөмірінің орнына маркасын жазып алған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында бейнебақылау камераларымен тәулік бойы жұмыс жасайды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, жедел басқару орталығындағы бақылау камералары арқылы кезекті құқық бұзушы анықталды. Яғни, полицейлер Жаңа қала ықшам ауданындағы көшелердің бірінде артқы және алдыңғы мемлекеттік нөмірлерінің орнына “Свои”, “LADA” деп жазып қойған ВАЗ 2114 көлігін анықтады.

Камерада отырған полицейлер бірден сол аймаққа жақын жүрген полицейлерге хабар берді. Патрульдік полиция инспекторлары болса, көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Содан жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа қойылып, иесіне жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Түркістан
Объявления
live comments feed...