• Главная
  • Түркістандық полицейлер өзгенің мүлкіне зиян келтірген мас жүргізушіні ұстады
11:34, 18 февраля 2023 г.

Түркістандық полицейлер өзгенің мүлкіне зиян келтірген мас жүргізушіні ұстады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысының үйіне барып тұрған сәтінде көлігінің алдыңғы бөлігін ВАЗ 2107 соққанын хабарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер күдікті көлік жүргізушісі, жәбірленушінің жол жиегінде тұрған Audi 100 бөлігін соға отырып, бөтен біреудің қоршауын бұзып, зақым келтіргенін анықтады. Сондай-ақ полицейлер  ВАЗ автокөлігін басқарған  жүргізушінің  құжатын тексеру барысында, оның мас күйде екенін білді. Тағайындалған зерттеу оның ішімдік ішкенін, әрі есірткі тұтынғанын растады.

Тексеру кезінде тіпті күдікті ер адамның бұған дейін 2022 жылдың мамыр айында ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін Астана қаласы сотының шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан  айырылып, 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда жаза арқалағанына қарамастан, қайта мас халде көлік басқарған жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...