• Главная
  • Шымкентте полицейлер жоғалған малды тауып, иесіне қайтарды
09:50, 16 февраля 2023 г.

Шымкентте полицейлер жоғалған малды тауып, иесіне қайтарды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Абай ауданының полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын ауладағы қорасынан малдың жоғалғаны туралы  айтып, арызданды. Шақырту бойынша мекенжайға келген учаскелік инспекторларға ер азамат қойларын кешкі уақытта сарайға қамағанын, ал таңертең екі бас жануарының жоғын байқағанын айтты. Өз күшімен жүргізілген іздеу әрекеттері сәтсіз аяқталған. Полиция қызметкерлері орын алған жайттың ұрлық болуы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жарты күннің ішінде жақын аумақтарды толық аралап, жоғалған малды Асар-2 шағын ауданының маңындағы өрістен тапты. Оқиғада қылмыстың сипаты анықталмады, яғни қойлар түнгі уақытта қоршаудан шығып кеткені белгілі болды.

Төрт түлік мал заңды иесіне қайтарылды. Азаматқа бұдан әрі жануарының сақтығына мұқият көңіл бөлу ұсынылды.

Өз кезегінде, тұрғын учаскелік полиция инспекторларына жедел жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...