• Главная
  • Түркістан облысы ПД-да консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті
11:50, 12 февраля 2023 г.

Түркістан облысы ПД-да консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Аталған іс-шарада жеке құрам арасындағы қоғамдық құқықтық тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпарат көзі Polisia.kz.

Жиынға кеңесші орган төрағасы М.Ермеков, ПД бастығының орынбасары Б.Сапар, профессор С.Садықов, “Түркістан” газетінің директоры М.Дәулетов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев, ПД-ның баспасөз хатшысы Г.Абдужаппарова, полиция департаменті басқармаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу кезінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде полицейлерді парасаттылыққа тексеру тетігін (Integrity Check) енгізудің басымдықтары талқыланды. Сондай-ақ “Қоғаммен әріптестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету” тұжырымдамасының 2024-2028 жылдарға арналған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің негізгі мақсаттары айтылды.

Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Бұл шара полиция қызметін жақсарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың сенімі мен полиция қызметкерлерінің беделін нығайту бойынша өз жемісін беретініне сенім білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Integrity Check
Объявления
live comments feed...