• Главная
  • Шымкентте жұмысқа орналасамын деген тұрғын ақшасынан айырылды
09:42, 8 февраля 2023 г.

Шымкентте жұмысқа орналасамын деген тұрғын ақшасынан айырылды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкентте жұмыс іздеп, табыс табуды көздеген азамат алданып, алаяқтық жайтына тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Қаратау АПБ-ның “102” арнасына Шымкент қаласының тұрғыны жүгінген. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы “Қызылорда қаласындағы мекемелердің біріне автокөлік жүргізушісі етіп жұмысқа тұрғызып беремін” деп сеніміне кіріп, алдын ала 300 мың теңгесін алып, бір ай бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Ол Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Жоғары білімді, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...