• Главная
  • Түркістан облысында есірткі тұтынып, көлік тізгіндеген тұрғын ұсталды
12:42, 7 февраля 2023 г.

Түркістан облысында есірткі тұтынып, көлік тізгіндеген тұрғын ұсталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Мақтааралдық тәртіп сақшылары аудан аумағында құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қарқынды жұмыстар атқарып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Мырзакент кентіндегі көшелердің бірінде көлік құралының алдыңғы әйнегі сынған AUDI 100 көлігін тоқтатқан.

Осы құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) хаттама толтырылды.

Осы сәтте жүргізушінің есірткі затын қолданғанына күдіктенген полиция қызметкерлері, оны бірден медициналық куәландырудан өткізді. Нәтижесінде жүргізушінің есірткі қолданғаны нақтыланды.

Осы дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс құжаттар жинақталып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Қазіргі таңда соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...