• Главная
  • Түркістандық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар жас жігітті анықтады
11:20, 7 февраля 2023 г.

Түркістандық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар жас жігітті анықтады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне Достық ауылының екі тұрғыны шағым түсірген. Жәбірленушілер өз арыздарында кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп сендірген танысына алданғанын жеткізді. Алаяқтың сөзіне сенген тұрғындар, оған 620 мың теңге берген. Алдау жолымен ауыл тұрғындарының ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында мақтааралдық полицейлер іске кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде жас жігіт ұсталды. Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...