11:10
Вчера
фото: polisia.kz
Яғни, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар саласына қатысты 385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен – 16 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 13 құқық бұзушылық орын алған. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы бойынша төрт құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша сегіз жайт анықталды.
Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған бойынща ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен – 35 жайтты, ал 442-бабының 2-бөлігі түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 292 жасөспірімді анықтады. ІІО-ды профилактикалық есебіне – 76, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 46 кәмелетке толмаған және 30 қолайсыз отбасы есепке алынды.