• Главная
  • Шымкентте есірткі қойып кетуші 10 жылға сотталды
10:02, 31 января 2023 г.

Шымкентте есірткі қойып кетуші 10 жылға сотталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысының 24 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс материалдары бойынша, ол өткен жылдың сәуір айында Шымкент қаласына келіп, қаладағы шағын аудандардың бірінде пәтер жалдап, ол жерден алдын ала сатып алынған психотроптық заттарды электронды таразыда өлшеп, бөлшектеп, содан кейін қала аумағында жасырынған жерлерге қалдырып отырған.

Осындай шығулардың бірінде оны полиция қызметкерлері ұстап алады. Ер азаматтан көк лентаға оралған ерекше иісті ұнтақ тәрізді заттар бар 15 қалташа алынды. Ол тұратын пәтерді қарау кезінде ас үйдегі шкафтан ақ түсті ұнтақ заты бар мөлдір полиэтилен пакеті, электронды таразы және ұнтақты зат бөлшектерінің іздері бар екі ақ қағаз алынды.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша жеке тінту кезінде тәркіленген психотроптық заттың жалпы салмағы 14,624 грамды құрайтын аса ірі мөлшердегі меткатинон-4-метилетатинон екені анықталды. Сонымен қатар пәтерден тәркіленген психотроптық зат аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 40,92 грамм меткатинон-4-метилеметатинон болып шықты.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сот айыпталушының өзінің қылмыстық ниетін тікелей қасақаналық түрінде жүзеге асырғаны, оның жасаған қылмысының себебі психотроптық заттарды сатудан (өткізуден) заңсыз пайда алу болып табылатынын анықтады.

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары қатаң режимдегі мекемесінде өтейтін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...