
13:02, 28 января 2023 г.
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

фото: polisia.kz
Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айынан бастап, “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен 26 тәуліктің ішінде 276-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 101 жүргізуші ұсталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:29
Вчера
14:18
Вчера
Объявления
14:46, 6 мая
live comments feed...