
11:00, 26 января 2023 г.
Шымкентте кәсіп ашамын деген тұрғын қаражатынан айырылды

фото: polisia.kz
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, алты жылдан бергі танысы “Кәсіпті бірлесе бастаймыз”,- деп алдын ала 1,1 млн теңгесін алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті әйел адамды тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 40 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды істі болмаған.
Тергеу барысында ұсталған әйел адам заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын мойындады. Сонымен қатар теріс әрекеті үшін өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:10
26 декабря
15:37
26 декабря
14:16
26 декабря
11:20
26 декабря
09:20
26 декабря
ТОП новости
Объявления
12:29, 26 декабря
5
12:29, 26 декабря
17:07, 18 декабря