
13:25, 23 января 2023 г.
Шымкентте полицейлер пошта жөнелтілімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр

фото: polisia.kz
Қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті іс-шара Шымкент қаласында орналасқан “Қазпошта” АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізілді.
Аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының Айрон және Нона атты қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.Мекемедегі тексеру жұмыстары “Қазпошта” АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласының полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:00
15 октября
12:50
14 октября
09:19
14 октября
10:21
13 октября
Объявления
00:00, 1 октября
09:55, 12 октября
00:01, 1 октября
09:55, 12 октября
5