• Главная
  • Түркістанда жасөспірімнің телефонын тартып алған екі адам анықталды
10:04, 24 января 2023 г.

Түркістанда жасөспірімнің телефонын тартып алған екі адам анықталды

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел өз хабарламасында кәмелет жасына толмаған ұлынан белгісіз біреулер Redmi телефонын тартып алғанын жеткізді. Ұрланған мобильді гаджеттің құны шамамен 140 мың теңгені құраған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Жедел тергеу тобы мен тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Жедел қызметкерлер оқиға орнын, оған жақын аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде екі күдіктіні анықтап, Түркістан қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Олардан жәбірленушіге тиесілі телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция #Телефон
Объявления
live comments feed...