• Главная
  • Шымкенттік тұрғын есірткі сақтағаны үшін жазаланды
10:04, 16 января 2023 г.

Шымкенттік тұрғын есірткі сақтағаны үшін жазаланды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 45 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Қайнарбұлақ саяжайындағы көшелердің бірінде оралған есірткі затын тауып алған, содан оның есірткі екенін біліп, жеке өзі пайдалану үшін қалтасына салып алған. Алайда оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлері есірткіні тәркілеп алды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, оның тұрақты жұмыс орны болғанға дейін жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындайтын қоғамдық орындарда 80 сағатқа, күніне төрт сағаттан артық емес мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...