• Главная
  • Түркістан облысында шетелдіктен гашиш табылды
13:00, 12 января 2023 г.

Түркістан облысында шетелдіктен гашиш табылды

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Түркістан облысында қызметтік ит Тәжікстан азаматынан гашиш тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҚР ҰҚК Шекара қызметі “Жібек жолы” шекара бақылау-бекетінде шекарашылардың шебер іс-әрекетінің арқасында Тарпина атты қызметтік итті пайдалана отырып, есірткі контрабандасы бойынша ер адамға белгі бергені хабарланды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер шетелдік азаматтардың бірін бекеттен өткізу кезінде күдікке ілінгенін анықтады. Сарыағаштық жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде телефонның сыртқы қаптамасының ішіне жасырылған есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заты 3 грамға жуық гашиш болып шықты.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...