• Главная
  • Түркістан облысының полицейлері жайылымнан жылқы ұрлаған екі ер адамды ұстады
12:11, 30 декабря 2022 г.

Түркістан облысының полицейлері жайылымнан жылқы ұрлаған екі ер адамды ұстады

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген 4 бас жылқысын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 2 млн теңге, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, мал ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстау мақсатында отырарлық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын, оған жақын аймақтарды түгел қарап шықты. Мал базарлары мен мал тасымалдайтын көліктерді мұқият тексерді. Көрген-білгендерден сұрастырды.

Нәтижесінде жедел ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде 2 жергілікті тұрғын анықталды. Сезіктінің бірі Отырар ауданынан ұсталса, екіншісі Шымкент қаласынан жеткізілді.

Полицейлердің анықтауынша, күдікті екеу алдын ала сөз байласу арқылы ұрлыққа барған. Қараусыз жүрген жылқыларды көлікпен артып әкетіп, сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Жылқы #Ұрлау
Объявления