10:31


фото: pixabay.com
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған.
Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осы тектес тағы 63 жайтқа қатысы бар екендігі анықталды. Сондай-ақ оның бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болғандығы да белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.