18:15
Вчера

фото: pixabay.com
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Тергеу кезінде ұсталған азаматтың скутерді сатып, түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.