
13:22, 20 декабря 2022 г.
Шымкентте бір аптада бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

фото: polisia.kz
12 мен 18 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 7311 әртүрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Оның 3255-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған. Оның ішінде ұрлық қылмысының саны – 5, басқа да – 2.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1044 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Атап айтқанда, нөлдік төзімділік бойынша – 299, жол ережесін бұзған – 553, одан басқа да 192 жайт анықталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:40
19 октября
09:10
19 октября
10:49
16 октября
Объявления
00:00, 1 октября
09:55, 12 октября
5
00:01, 1 октября
05:49, 1 октября
07:18, 7 октября