• Главная
  • Осал топтағы азаматтарға емделу үшін әкімшілік квота беріледі
15:45, 8 декабря 2022 г.

Осал топтағы азаматтарға емделу үшін әкімшілік квота беріледі

фото: facebook.com/shymkent.media

фото: facebook.com/shymkent.media

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасы аясында науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әкімшілік квота беру жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.

Аталған квота түрі  осал топтағы азаматтарға  емделу үшін медицина ұйым  басшылығының шешімімен  беріледі. Нақтырақ айтқанда, мұндай ем түрін он сегіз жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар алуға құқылы. 

Квота аясында тиісті деңгейде емдеу шараларын жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы мен «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік стационарлық көмек көрсететін ұйымдарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ұйым басшыларына әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген жоспарлы емді жандандыру бойынша ұсыныстарын берді. 

Емдеу мекемелерінен бөлек науқастардың құқығын қорғау мақсатында жекеменшік медицина орталықтарына да әкімшілік квота бөлу мәселесі бойынша  тұрақты мониторинг жүргізілмек. 

«Әкімшілік квотаның пациенттерге ыңғайлы тұсы көп. Яғни,науқастар  медицина ұйымдар арасында жүрмей-ақ бір ғана нүктеден   қажетті талдама  жасап және тексеруден өтіп, ауруханаға жатады. Осы ретте әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген жоспарлы ем көлемінің жұмсалуы тікелей менің бақылауымда болатынын айтқым келеді»-дейді басқарма басшысы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Квота
Объявления
live comments feed...