• Главная
  • "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
09:00, 2 декабря 2022 г.

"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

фото: instagram.com/police_shymkent

фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында ағымдағы жылдың 28-30-қараша аралығында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Үш күнде бес бас мал ұрлығы фактісі тіркеліп, олар кезекші тәулікте ашылды, деп хабарлайды Шымкент Полиция департаменті.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары кезекті рейд жүргізу барысында қала аумағынан мал тасымалдап жүрген 42 автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жалпы 5 жылқы, 19 ірі қара, 22 қой және 11 дана ет салатын арнайы бөшкелер анықталып, аудандық Полиция басқармаларына жеткізілген.Ауқымды шара барысында 44 мал шаруа қожалықтары, 11 мал соятын арнайы орындарға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, бұған дейін ұрланған 10 бас мал өз иелеріне қайтарылды. Оның ішінде: үш бас ешкі, бір қошқар, бес қой, бір жылқы.

Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) сәйкес - 40 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша – 26 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабымен (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) 3 хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Осы ретте, тәртіп сақшылары мал егелеріне жайылымдағы түліктердің құлақтарына таңба мен ен салып, барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Рейд
Объявления
live comments feed...