• Главная
  • Шымкент: Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы «Пахтакор» елдімекенінің тұрғындарымен кездесті
16:40, 1 декабря 2022 г.

Шымкент: Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы «Пахтакор» елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

фото: instagram.com/police_shymkent

фото: instagram.com/police_shymkent

Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Данияр Жорабайұлы Плалов ауданның әкімшілік аумағына кіретін «Пахтакор» елдімекеніне арнайы барып, жергілікті ауыл билерімен кездесті, деп хабарлайды Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы.

Кездесуге қалалық маслихат депутаты, инвестиция және жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ноян Назарұлы Төлегенов те қатысты. Полиция подполковнигі Данияр Жорабайұлы аумақ халқын толғандырған өзекті мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді.

«Соңғы уақытта елдімекенде ұрлық жайты белең алуына байланысты жергілікті тұрғындармен кездесу үшін арнайы келдім. Ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, қылмыстың алдын алу мәселелеріне тоқталдық. Кездесу барысында азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жеке құрамға бірқатар тапсырмалар берілді. Қойылған тапсырмалардың орындалу барысы өзімнің жеке бақылауымда болады», - деді Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы.

Атап өтсек, тұрғындар ұрлық жайттарын болдырмау және бұл қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы өтініштерін білдірді.

Өз кезегінде, полиция подполковнигі азаматтардың тарапынан қойылған барлық ұсыныс-тілектер жан-жақты қарастырылып, оларды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған бағыттағы халықпен кездесулер алдағы уақытта "Нұрсәт" шағынауданында жалғасын табатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Полиция
Объявления
live comments feed...