16:15
Вчера

фото: facebook.com/shymkent.media
Мекеменің қалалық қоғамдық көліктерін GPS арқылы үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижесінде жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталып, жедел түрде тиісті шаралар қолданылуда. Бұл дегеніміз қоғамдық көлік қызметі саласының едәуір жақсаруына септігін тигізуде.
Сондай-ақ, мекеме қала орталығына шет аймақтарда орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғындарын тасымалдауды оңтайландыру мақсатында құрылатын жаңа маршруттарды қалыптастыру және бұл маршруттық желіні паспорттау бойынша тиісті жұмыстарды атқарады. Бұл шаралар қаланың шет маңындағы мекендерде орналасқан халықтың орталыққа ыңғайлы түрде келіп-жетуіне көп ықпалын тигізеді.