17:35
Вчера

фото: facebook.com/shymkent.media
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Береке, Химфарм шағынаудандары және "Қазына" сауда үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, 54-ке жуық кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпараттық мәтіні заңға сәйкес еместігі анықталып, кемшіліктерді шұғыл жою туралы ескертілді. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабы түсіндіріліп, заң талаптарын сақталуы жөніндегі парақшалар таратылды.
Оның ішінде 10 кәсіпкерлік нысан анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтірілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.