• Главная
  • Шымкентте «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
12:40, 28 ноября 2022 г.

Шымкентте «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Шымкентте «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде, деп хабарлайды Шымкент Полиция департаменті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталыққа жыл басынан 594 азаматша жүгініп, оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Атап айтсақ, мамандардың жан-жақты жұмыс жүргізуінің нәтижесінде, өз өтініштерінің негізінде 59 ана орталықтан шықса, оның 48-і күйеуімен татуласқан. Сондай-ақ 18 ана атаулы әлеуметтік көмек алса, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасып, 16 бүлдіршін балабақшаға баруда.

Мекеме қызметкерлері ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында,«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясын өткізуде.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында құзырлы орган өкілдерімен бірлесе елді-мекендерде, халық жиі шоғырланатын орындарда кездесулер ұйымдастырмақ. Яғни, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы азаматтарды акцияға белсенді түрде атсалысуға шақырады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.

Сенім телефондарымыз:
150
+7(7252) 45 03 03
+7 775 450 54 33

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Әлеуметтік қорғау
Объявления
live comments feed...