17:46
Вчера

Отбасылық келіспеушіліктің салдарынан әйелі мен үш баласын үйінен қуып шыққан. Күйеуінен зәбір көрген 35 жастағы ана қайда барарын білместен полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға №38 УПП-нің учаскелік полиция инспекторы мен Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері Ж.Тасқұлова мен А.Төребай арнайы барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты.Нәтижесінде, 38 жастағы ер азаматтың үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында балаларымен бірге уақытша пана ретінде «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырды.