Түркістан облысында 10 сәуірден бастап атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, акцияның 8 тәулігінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына 36 тұрғын келіп, өз еріктерімен 49 отты атыс қару тапсырған. Оның ішінде 43-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, алтауы ойық кіші калибрлі мылтық пен 700-ден астам түрлі оқ. Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.