18+

Шымкентте бір аптада “102” арнасына 8 мыңнан астам қоңырау түскен

фото: polisia.kz

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының “102” арнасына әртүрлі сипаттағы 8331 қоңырау шалынған. Оның 3787 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылды. Оның ішінде ұрлық қылмысының саны – 6, тонау қылмысы – 2, автокөлікті заңсыз иелену – 2, басқа да қылмыс саны – 2.

Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 954 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде нөлдік төзімділік – 333, жол ережесін бұзған – 511, одан басқа да 110 жайт анықталды.